Алматыда «Ұлытау» қорық-мұражайының фотографы Дмитрий Ругистің жеке көрмесі өтті
20 желтоқсан 2018 жыл
- 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Алматы қаласындағы «Арман» киноорталығында қорық-мұражай қызметкері, фотограф Дмитрий Ругистің еңбектерімен «Қазахстанцы» атты фотокөрмесі ашылды. Көрмеде қойылған суреттердің басым көпшілігі Қарағанды облысы Ұлытау ауданының тұрғындары, еңбек адамдары, мектеп оқушылары, кәсіпкерлер, уй шаруасындағы қарапайым адамдардың бейнесі. Көрме қонақтарының пікірі бойынша суреттерде қазақстан қоғамының бір бөлшегінің уақытша деректерінен көрініс байқалады.
- Көрмеге Алматы қаласының белгілі фотографтары, өнер академиктері, қоғам қайраткерлері, сәулетшілер, заңгерлер, әлемдік деңгейдегі музыканттар, спортшылар қатысып, қаланың ірі мәдени ісшарасына айналды. Дмитрий Ругиске қолдау көрсету үшін қорық-мұражай директоры Б.Қожахметов пен археолог А.Искаков көрмеге арнайы атсалысты.
- Көрмеде белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері, меценат Марғұлан Сейсембаев, Киноөнер академиясының профессоры, «Медеу» фотоклубының төрағасы Валерий Коренчук, қоғам қайраткері және ұйымдастырушы Ажар Жандосова, ҚР Сурет академиясының академигі Владимир Псарев, «Арман» киноорталығының директоры Бауыржан Шөкенов, сондай ақ, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төреғасы, фотожурналист Асылхан Әбдірайым арнайы шығып сөз сөйледі.