Мерекелік дөңгелек үстел
12 желтоқсан 2018 жыл
- 5 желтоқсанда «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайында Тұңғыш Президент күніне орай «Ұлытау – туризмнің күретамыры» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге «Ұлытау» ауданының Егінді, Амангелді, Терісаққан, Қарсақбай, Қаракеңгір елдімекендерінің және Ұлытау орта мектептерінен оқушылары мен ұстаздары қатысты.
- Іс-шара барысында мұражай басшысы Б.Қожахметов: Елбасының Ұлытау төрінде тебірене отырып берген сұхбатында «Ұлытау - елдің тәу етіп келетін орны, болашақта туризм орталығы болып қала береді» - деп айтқан сөздерін басшылыққа алып, мұражайдың осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері және туризмге қосқан үлестерін слайд көрсету арқылы баяндап берді. Оқушылар туризмді дамытудағы өздерінің болашақ көзқарас ойларын білдіріп, ұсыныстарын жасады.
- 10.00 - 18.00
- 13.00 - 14.00
- Дүйсенбі - Жұма
- Қазақстан, Қарағанды обл., 101500
- Ұлытау ауд., Бұлқышев көшесі, 14
- , 2-16-16
- Факс: +7(71035) 2 13 42,
- Баспасөз хатшысы: 8 701 125 49 11