Жаңалықтар
 «Ұлытау» қорық-мұражайы Барселонада
 
22 қараша 2018 жыл

«Ұлытау» қорық-мұражайы Барселонада (Испания) IBTM WORLD 2018 халықаралық туристік көрмесіне қатысып жатыр. Қорық-мұражай қызметкерлері  бұл жерде үш күн бойы еліміздің тарихи кіндігіне айналған Ұлытау өңірінің туристік әлеуетімен таныстырады. Сонымен қатар, осындағы тарихи жерлер мен мәдени нысандар және туристік маршруттар туралы баяндайды. IBTM WORLD 2018  әлемдік туризм саласындағы ірі көрмелердің бірі.  жатыр. «Ұлытау» қорық-мұражайы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен бұл көрмеге бірінші рет қатысып отыр.  Ұйымдастырушылар таратқан ресми ақпаратқа қарағанда, биыл көрмеге 141 елден 15 мыңнан астам адам қатысып жатыр.  Ұлттық павильон Қазақстанның Барселонадағы консулы Данат Мусиннің қатысуымен ресми түрде қарашаның 27-і күні ашылды. Ертеңіне көшбасшылар төрттігіне еніп, ұйымдастырушылар тарапынан үздік павильондардың бірі ретінде арнайы сыйлықпен марапатталды. 

 10.00 - 18.00
13.00 - 14.00
Дүйсенбі - Жұма
Қазақстан, Қарағанды обл., 101500
Ұлытау ауд., Бұлқышев көшесі, 14
, 2-16-16
Факс: +7(71035) 2 13 42,
Баспасөз хатшысы: 8 701 125 49 11