Жаңалықтар
«Ұлытау» қорық-мұражайының ғылыми қызметкері Эмма Усманова Scopus Award Kazakhstan 
2018 сыйлығының иегері атанды.
22 қараша 2018 жыл
Scopus Award 2018 сыйлығының  жеңімпаздарын  салтанатты марапаттау рәсімі Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылды. Scopus сыйлығы әлемдегі ең жоғарғы ғылыми жетістіктер мен марапаттау рәсімдерінің бірі.
Қазақстандық ғылыми орта үшін маңызды шараны өткізу құрметі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетіне бұйырды. Ал шараны Elsevier компаниясы ұйымдастырды. Айта кетейік, Elsevier - жыл сайын әлемдегі ғылыми мақалалардың төрттен бірін жариялайтын ең ірі ғылыми баспа үйлерінің бірі. Ол әлемнің 180 елінің 4500-ге жуық ұйымдар мен университеттерін  ғылыми деректермен камтиды. Elsevier өнімдерінің жазылушылары әлемнің ғылыми-зерттеу орталықтары. Олардың арасында АҚШ-тың, Еуропа және Азияның жекеменшік корпорациялары да бар.
Еліміздің ең мықты зерттеушілері аталған шарада тоғыз аталым бойынша марапатталды «Ұлытау» қорық-мұражайының  ғылыми қызметкері Эмма Усмановаға "Гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік ғылыми қызметкер"  (Top Researcher in Humanities) атағы берілді.
Эмма Радикқызының  «Ұлытау» қорық-мұражайының дамуына ғана емес, еліміздің дамуына  қосқан үлесі жоғары.
Біз әлемдік ғылыми қауымдастықтың Эмма Усманованың еңбегін  жоғары бағалағаны үшін шын жүректен қуаныштымыз.
 10.00 - 18.00
13.00 - 14.00
Дүйсенбі - Жұма
Қазақстан, Қарағанды обл., 101500
Ұлытау ауд., Бұлқышев көшесі, 14
, 2-16-16
Факс: +7(71035) 2 13 42,
Баспасөз хатшысы: 8 701 125 49 11