Жаңалықтар
 Көшпенді-номадтар Ұлытауда
12 қараша 2018 жыл
Жыл сайын Ұлытауда «Терісаққан көктемі» деген атпен белгілі  халықтық этнофестивальдер ұйымдастырылады. Терісаққан ауылындағы шағын шара халықтық фестивальге айналып, аудандықтан облыстық деген мәртебеге ие болды әрі ЮНЕСКО назарына ілікті. Биыл фестиваль «Көкмайса» деген атпен ұйымдастырылды. Оған  Қазақстанның әр өңірінен екі мыңнан астам адам жиналды. Олардың арасында шетелдіктер де болды. Фестиваль аяқталғаннан бері жарты жыл өтті. Алайда, естен кетпес әсерлер әлі де жадымызда әрі естеліктер де жанға жылу сыйлайтыны рас. Санаға сәуле түсірер тұстары да аз болмаған еді. Біздің фестиваль жайында толығырақ жуырда жарық көрген "Кочевники-номады в горах Улытау" атты мақаладан оқып-біле аласыздар. Ресми тілдегі мақала  "Ветер Странствий"  журналында жарияланды.
Естеріңізге салып өтейік,  "Ветер Странствий" – жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалану, табиғатты қорғау және экотуризмге бағытталған Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы журнал.
Мақаланың толық нұсқасын төмендегі сілтемеге өтіп көре аласыздар: http://veters.kz/kochevniki-nomady-v-gorax-ulytau/
 10.00 - 18.00
13.00 - 14.00
Дүйсенбі - Жұма
Қазақстан, Қарағанды обл., 101500
Ұлытау ауд., Бұлқышев көшесі, 14
, 2-16-16
Факс: +7(71035) 2 13 42,
Баспасөз хатшысы: 8 701 125 49 11