Латын графикасы негізінде «ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ» өтеді.
9 қараша 2018 жыл
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 14 қарашасында сағат 11.00 – 11.30 аралығында республика бойынша латын графикасы негізінде «ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ» өтеді.
- Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латыннегізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру.
- Диктантты арнайы белгіленген орындарда және emle.kz, tilalemi.kz сайттарында, «Шалқар» және Қазақ радио арналарында тікелей эфирде мәтін аудиосын тыңдап, жазуға болады.
- Жалпыхалықтық диктант барысы туралы радио, теледидар арқылы тікелей репортаждар ұйымдастырылады, хабарлар таратылады.
- Қажетті ақпаратты emle.kz, tilalemi.kz сайттарынан аласыздар.