Ұлытаудан бастау алған Бұқар жыраудың 350 жылдық мерейтойы
18 тамыз 2018 жыл
- 18 тамызда Қарағанды облысы Бұхар жырау ауданының Керней ауылында ауқымды тойға ұласты. Аталған іс-шараға «Ұлытау» қорық мұражайының қызметкері Н. Раймова қатысып,тойға тігілген киіз үйлерді этнографиялық заттармен жабдықтады.
- Сонымен қатар, «Сарыарқа» телеарнасына Бұхар бабамыздың Ұлытау тарихына қатысы жөнінде сұхбат берілді. Елінің азаттығы мен бірлігін, тұтастығын аңсап өткен бабамыздың өшпес мұрасын келешек ұрпаққа насихаттап жеткізу - біздің басты мақсатымыз.