Өткен (02.08.2018ж.) аптада «Улытау» қорық-мұражайында «Ұлытау сапар-орталығын» салуға ресми байқау жарияланды. Құрылыс биыл басталады. «Ұлытау» ұлттық қорық-мұражайы орталықтың жобалық-сметалық құжаттамаларын былтыр әзірлеген болатын. Қазір бүған республикалық бюджеттен 718 миллион теңге бөлу жоспарланған. «Ұлытау сапар-орталығы» республикалық жобасы ақпараттық блок, экспозициялық зал, қайта-қалпына келтіру бөлмесі, кітапхана, амфитеатр және қызметкерлерге арналған жұмыс бөлмелерінен тұратын кешен. Әлеуметтік маңызын арттыру үшін жоба бойынша «Улытау» ҰТМҚР іс-сапармен келген қызметкерлеріне арналған асхана және қонақ үй бөлмелері сияқты жайлы жатақхана қарастырылған. Жобаны жүзеге асыру мақсаты Ұлытау өңірінде туристтік индустрияны құру, туристтік нысандар - Ұлытаудың тарихи-мәдени және табиғи мұраларын Қазақстанда және шет елдерде жарнамалау.