«Ұлытау. Ұлытау ауданы» энциклопедиясының бас редакторы Ұлытау ауданы және Жезқазған қаласының құрметті азаматы Сағындық Қожамсейітов. Энциклопедияның жауапты хатшысы «Ұлытау» қорық мұражайының директоры Бақтияр Қожахметов. Сонымен қатар, қорық-мұражай қызметкерлері энциклопедияны құрастыруға белсенді ат салысып, қажетті мәліметтерді жинауға барынша қол ұшын беруге тырысты. Бұл қасиетті Ұлытауға арналған алғашқы энциклопедия. Онда Ұлытаудың Қазақ мемлекеті мен ұлтын қалыптастырудағы орны мен ролі жөнінде баяндалады. Сонымен қатар, өңірдегі бағзы заманнан бүгінге дейінгі тау-кен, металлургия өндірісінің жай-күйі, Ұлытау ауданы мен аймағының тарихы, Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан бергі жеткен биіктері туралы мақалалар берілген. Бұнымен қоса, онда «Ұлытау» қорық мұражайы туралы да толыққанды ақпарат табуға болады.Энциклопедияның жарық көруі - өңір өміріндегі елеулі мәдени оқиға.