Өлкетану тобы экспедицияға аттанды
2 маусымда Ұлытау ауданының орталығынан Білім бөлімінің ұйымдастыруымен ауданға қарасты барлық елдімекендердің мектеп оқушыларынан құралған «Өлкетану» тобы бірнеше бағыт бойынша тарихи орындарға экспедицияға аттанды. Экспедиция мүшелерін ауыл тұрғындары жиын өткізіп, салтанатты түрде шығарып салды. Жалпы «Өлкетану» жобасын құру және бірлесіп атқару үшін аудандық білім бөлімі мен «Ұлытау» қорық-музейі үш жыл бұрын келісім-шартқа отырып, көптеген іс-шаралар атқарып келеді. Атап айтар болсақ, музейде тарихи тақырыптарда «Өлкетану» сабақтарын өткізіп, «Жошыхан», «Үздік буклет» сайыстары, сонымен қатар, тарихи орындарға экспедиция ұйымдастырып, археологиялық, реставрациялық жұмыстармен таныстыру сияқты т.б. шаралар өтіп, оқушылардың білім-тәжірибесін арттыруда. Сондай-ақ, қорық-музей тарапынан мектеп музейлерінің құрылуына кеңестер берілді. Сапарға аттанған экспедицияға мұражай қызметкерлері жол бағыттары бойынша ақпараттар дайындап, бағытын белгілеп қолдау көрсетті. Сонымен қатар, оқушылар осы жолы қорық-мұражайдың «Балқан» жеріндегі ежелгі қоныс орнындағы археологиялық қазба жұмыстарымен танысуын жоспарлап отырмыз.
Обсудить
Похожие материалы:

29 март 2021, Понедельник
Состоялось плановое совещание совместной экспедиции «Краеведение» со студентами

03 февраль 2021, Среда
«Музейде тақырыптық көрмелерді ұйымдастыру технологиялары» семинар - тренингі өткізілді.
Комментарии (0)