Маусым айының 3 - і күні "Ұлытау" қорық- музейінің қызметкерлері Ұлытау тауларының оңтүстік және батыс беткейіндегі Малқар, Көшкімбай, Едіге тау бағыттарында орналасқан тарихи ескерткіштерге археологиялық барлау экспедициясын ұйымдастырды. Экспедицияның мақсаты - жаңадан туристік бағыттарды ашу, жолдарын анықтау.