Телефоны для связи:
+7(771) 535-74-82
+7(700) 692-61-12
+7(71035) 2-13-42

Ши тоқудың тарихы

22 ноябрь 2021, Понедельник
41
0
    Қазақ халқының ең көркем кәсіптерінің бірі ши тоқу болып табылады. Ши тоқудың да басқа киіз жасау қолөнері сияқты бай тарихы бар Әрбір киіз үй шимен жабдықталып отырған, яғни ши пайдаланылмаған киіз үйді кездестірмейсіз. Иран, Қытай, Монғолия, Тибет, Ресей, Еуропа бөлігінің оңтүстік шығысында, Орта Азия, Батыс және Шығыс Сібірдің оңтүстігінде кездесетін ши өсімдігі Қазақстанның дала, шөлейт аймақтарында, тау беткейлерінде, әдетте, суға жақын жерлерде өседі. Қыста мал жайылымына таптырмас бұл өсімдіктің сабағын қазақтар ши тоқу үшін қолданған. Мірдің оғындай түп-түзу, әрі өте берік келетін шидің сабағы тұрмыста орны ерекше материалдың бірі ретінде кәдеге асты. Қазақ халқының саласында ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп безендіру, түр салып тоқу ісі де ғасырлар бойы атадан балаға мирас қалып жатқан ұлттық өнері болып табылады. Ши бұйымының жалпы сырт көрінісіне қарай: ақ ши, ораулы ши, шым ши деп үш топқа бөлінеді. Мұндай ши түрлері қазақ арасында әрқайсысы өз орнымен әр түрлі мақсатқа пайдаланылады. Мысалы, қабығынан тазартылған ақ шиді көбінесе, ірімшік, т.б. жаю үшін, сондай-ақ сүзгіш шыпта жасау, үйдің төбесін біртегіс сылауға ыңғайлы болу үшін қолданылатын болса, ұзына бойы түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһазының бірі болып есептеледі. Ал өн бойы тұтас оралмай әр жерінен аралатып оралатын шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды.
Демек, киіз үйдің керегесін орай тұтуға көбінесе жоғарыдағы айтылған шидің соңғы екі түрі: шым ши мен орама ши пайдаланылады. Шым шиді кейде «жез ши» деп те атайды (бұл ерте уақыттағы жез оралған кезден қалған атау болса керек).
    Суық түсе бастаған кезден бастап ши жиі қолданыла бастайды. Егер киіз жаңбырдан суланып кетсе, ши ылғалды ішке өткізбейді, сондай-ақ шаң тозаңға да тосқауыл бола алады.   Әкелінген өрнекті шилер мен біздің қолөнершілер дайындаған шилердің айырмашылығы мынадай: мұнда жүннің орнына түрлі-түсті жіптер пайдаланылған. Яғни күйе боялған жүнді де жеп қойып отырған, сондықтан тоқымашылар түрлі-түсті жіптерді пайдалана бастаған. Қазіргі уақытта ши тоқу үлкен шеберлік пен төзімділікті, қажырлықты талап етеді. Өрнекті шилерді дайындаудың процесіне жан-жақты тоқталып өткен жөн.
Қазақ халқында ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп безендіру, түр салып тоқу ісі – ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық өнер. Шиден түрлі бейнелер жасап, ою-өрнектермен өрнектеп базарлық, кәдесый ретінде нарыққа шығарып, бұл кәсіпті нәсіп етіп, пайдасына асырып отырғандар да қазіргі таңда жоқ емес. Қазақ халқының асыл қазынасының бірі болып саналатын қолөнерінің шығу тарихы мен сан түрлі сәндік-қолданбалы өнер туындыларының жасалу жолдары туралы мәліметтер халқымыздың мақтанышы болған белгілі ғалымдарымыз Ә.Х.Марғұлан, М.С.Мұқанов, Х.Арғынбаев, Т.К.Басенов, Ө.Жәнібеков, С.Қасиманов, К.Әмирғазин, Ұ.Әбдіғаппарованың зерттеу еңбекттерінде көп орын алған. Қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің ішінде ерекше көзге түсетін және өзіндік нақышқа толы түрі-бұл ши тоқу өнері.
    Ши тоқу – көне кәсіптердің бірі. Ши тоқуға қазақтар шидің  сабағын қолданған. Ол үшін әуелі әр шиді белгіленген сурет бойынша түрлі түсті жүннің иірілмеген талшықтарымен жеке-жеке шырмап алады. Бұдан соң оларды біріктіре тоқып кілемдей әсем сурет шығарады. Осылайша тоқылған шым шимен киіз үйдің керегелері айнала қоршалған, сондай-ақ киіз есіктің ішкі жағына тұтылған. Қазақтың қадым заманнан қалыптасқан шиден өрнек салатын көне өнерi бүгiнде өзiнiң өмiрiнiң жаңа жалғасын тауып отыр. Бұл өнердi тек далада мал өсiрiп, өмiрiнiң бар қажеттiлiктерiн осы даладан алатын көшпелi халық қана тудыруы заңды едi. Ен далада өсiп тұрған шидiң сабақтары мен өзi өсiрген қойдың жүнiнен иiрiлiп, сол далада өсетiн өсiмдiктерден алынған бояулармен түрлi түске боялған жiптерден өнер туындысын тудыратын бұл өнерден артық саин далада көшiп жүрген көшпелi халыққа соншалықты тән басқа өнердi атау қиын. Қолданған материалдарының техникасының қарапайымдылығымен ерекшеленетiн бұл өнердiң туындылары өзiнiң көркемдiк сипатының жоғарылығымен де айырықшаланады. Қарапайымдылығы бұл өнер техникасымен әр адамға айналысуға мүмкiндiк бередi. Сонымен бiрге бұл техникамен өнер бұйымын жасау оңай емес. Бұрын тек тұрмыстық қажеттiлiктi ғана өтеп қоймай, көшпелi тұрмысқа көркемдiк берген бұл өнер бұйымдары ұлтық материалдық мәдениетiмiздiң бағалы құнды жәдігеріне айналды. Осындай құнды жәдігер «Ұлытау» қорық мұражайында қор сақтау бөлімінде сақталып тұр.
          Экскурсовод жетекшісі 
Зәріпбай Мөлдір Қайратқызы 
Обсудить

Похожие материалы:

«Қосүйтас» – даламыздың кіндігі
10 октябрь 2021, Воскресенье
«Қосүйтас» – даламыздың кіндігі
Музейдегі көне қару
27 апрель 2021, Вторник
Музейдегі көне қару
Ұлытау — киелі мекен
25 апрель 2021, Воскресенье
Ұлытау — киелі мекен
Тасқа қашалған мұра
15 апрель 2021, Четверг
Тасқа қашалған мұра
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Награды и партнеры