Телефоны для связи:
+7(771) 535-74-82
+7(700) 692-61-12
+7(71035) 2-13-42

Құранды ер

10 ноябрь 2021, Среда
44
0
Ер-тоқым  — салт атқа мініп жүру үшін пайдаланылатын ат әбзелдерінің бірі. Көне заманнан бері көшпелі халықтың өмір қажетіне сай қалыптасқан айрықша құрал-жабдық және өнер туындысы. Ер-тұрманның құрамына: ер, үзеңгі, құйысқан, өмілдірік, жүген, тоқым, ат жабу, тартпа кіреді. Бұл әбзел түрлері ғасырлар бойы қалыптасқан орындау шеберлігі, ха­лықтың эстетикалық талғамы жә­не жылқы малына деген ерекше қарым-қатынас дәстүрі жайлы кө­рініс береді. Ер өте сапалы, мықты ағаштан шабылады. Ер жасауға қайың, үйеңкі ағаштары пайдаланылады. Соның ішінде құранды ер бірнеше бөлшек ағаштардан құрастырылып жасалған. Құранды ердің шығуының бір себебі, қолда бар материалды үнемдеп, ұқыпты пайдалануда жатса керек.
Сондай-ақ музей қорындағы құранды ер де жасалу жағынан өте күрделі. Музейіміздің шебері Ерғазы ағамыздың өз қолымен жасалған ат әбзелі. Ердің алдыңғы қасы металмен әшекейленген. Алдыңғы қасы артына қарай жатыңқы, отыруға ыңғайлы етіп жасалған. Ағаштан әдемілеп шауып алған екі қасты, қайыспен екі қапталға мықтап бекітіп, аттық шығарып жасаған. 
Обсудить

Похожие материалы:

Көрік
09 ноябрь 2021, Вторник
Көрік
Шашбау
05 ноябрь 2021, Пятница
Шашбау
Сары жез самаурын
03 ноябрь 2021, Среда
Сары жез самаурын
Иінағаш
28 октябрь 2021, Четверг
Иінағаш
Тоғызқұмалақ
28 октябрь 2021, Четверг
Тоғызқұмалақ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Награды и партнеры