Ұлытаулықтар Отырар экспедициясын қарсы алды
                
                
                
                
                
                
                
                
                
                
                
                
                
                
                
                
                
                
                
                Маусым айының 7-8 аралығында Ұлылардың мекені Отырардан Ұлт ұясы Ұлытауға арнайы экспедиция тобы келді. Халық ақыны Қалыбекова Әселхан апай бастаған экспедиция құрамында аудан әкімінің орынбасары және Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің қызметкерлері болды. Келген қонақтардың ісшарасын ұйымдастыруға «Ұлытау» қорық-музейінің қызметкерлері қолдау көрсетіп, атсалысты. Бірінші кезекте, қонақтарды Жезқазған қаласынан қарсы алып, Жошыхан, Алашахан, Домбауыл ескерткіштеріне апарып, экскурсия жасады. Кейін қорық-музейді, жаңадан ашылған Сапар орталығын және село ішіндегі ескерткіштерді аралатып, өлкенің тарихымен таныстырды. Ісшара соңында жиналған қауым Ортырарлық өнерпаздардың өнерлерін тамашалап, Мысыр елінен әкелінген Әбу Насыр Әл-Фарабидың қолымен жасалған құнды (музыкалық аспаптар) жәдігерлерімен танысты.
              
               
              
              
              
              
                  Обсудить
                
              Похожие материалы:
                  Комментарии (0)
                
                
                
              






























