Латын қарпіндегі алғашқы басылым жарық көрді
3 қараша 2018 жыл
- «Til-Qazyna» республикалық ақпараттық танымдық газеті тұтастай латын қарпінде шығарылатын алғашқы басылым. Газетті осы аптада Астанада Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Til-Qazyna» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы таныстырды.
- ҚР Президенті қазақ әліпбиін 2025 жылға дейін латын графикасына көшіру жөнінде тапсырма берген болатын. Н. Назарбаев: «2025 жылға қарай іс-қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек», - деп мәлімдеген еді.
- Жаңа басылымда қазақ әліпбиін графикасына көшіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты ақпараттар, танымдық материалдар жарияланады. Газет айына 2 рет жарық көреді.