Отандық және шетелдік туристерге Ұлытау, осындағы тарихи-мәдени ескерткіштер және туризм индустриясы туралы үш тілде толыққанды ақпарат беретін дүңгіршек «Ұлытау» қорық-мұражайы жанынан ашылып отыр. Мақсат - Ұлытаудағы туристтік нысандар туралы бәсекеге қабілетті ақпараттық контент құру. Бұнымен қоса, Ұлытауда қолайлы туристік климат қалыптастырудың бір бағыты қонақ күту мәдениетін дамыту. Осылайша дүңгіршек қонақтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеруге бағытталған. Қазір әлемде этнографиялық туризмге сұраныс артып келе жатыр. Сонымен қатар, қолөнер - ұлттық мәдениеттің және елдегі туризм индустриясының бір саласы болып саналады. Осы себепті дүңгіршекке Ұлытау туралы кітаптар, туристтік ақпараттар жазылған буклеттер және брошюралар, кәдесыйлармен бірге жергілікті шеберлердің қолынан шыққан бұйымдар қойылған.