Басқамыр қалашығында қайта қалпына келтірілу жұмыстары жүргізілуде
26 қыркүйек 2018 жыл
- Қазан айының 1-нен «Ұлытау» қорық-мұражайына қарасты «Басқамыр» (VIII-IХ ғғ) ортағасырлық қалашығына республикалық «Қазқайтажаңғырту» мемлекеттік кәсіпорны қайта қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Қазіргі кезде қалашықтың қабырғалары саз-балшықпен сыланып, кіреберіс тас жолы қайта қаланды. Алдағы уақытта сыланған қабырғалардың беттерін желіммен сылау күтілуде.