Ауқымды экспедицияның қорытындысы бойынша дөңгелек үстел
22 қыркүйек 2018 жыл
- 10 қазан 2018 жылы қорық-мұражай қызметкері Дмитрий Ругис спикер ретінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетігінің тапсырысы бойынша өткен 2018 жылғы ең ауқымды «Ұлы Дала Еліне саяхат» экспедициясын қорытындылауға арналған «НК «Kazakh Tourism» АҚ басшылығымен бейресми кездесуге Астанаға шақырылды.
- Кездесу барысында Дмитрий «НК «Kazakh Tourism» АҚ басқармасының төрағасы Рашид Күзембаевпен әңгімелесті. Ұлытауда қазіргі заманғы туристік кластерді құру және туризмді дамыту келешегі мәселесі талқыланды. Кузембаев бүкіл Қазақстан үшін Ұлытаудың киелілігін және онда туризмді дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ауданда тәу етушілікпен қатар, көптеген тарихи да, табиғи да нысандарды кеңінен қамтитын VIP-туризмді де дамыту қажеттілігі, сондай-ақ туристерді көбірек қабылдау мүмкіндігіне арналған инфрақұрылымды дамыту керектігі туралы ой айтылды. Бұл жерде сақталған халықтық дәстүрлер мен мәдениет және мұнда өткізілетін «Терісаққан көктемі» халықтық фестивалінің маңыздылығы үлкен дәрежеде атап өтілді. Фестиваль жеке капиталдың, халықтық бастаманың және мемлекеттік құрылымдардың арасындағы ынтымақтастықтың керемет үлгісі екенін Кузембаев атап өтті. Мұндай ынтымақтастықты болашақта да одан әрі дамыту қажет.