Архитектуралық барлау экспедициясы
16 августа 2018 года
- 16 тамызда «Ұлытау» қорық-мұражайының қызметкерлері Шеңбер аймағына қарасты тарихи архитектуралық ескерткіштерге барлау жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында Исалық қыстағынан арақашықтығы 2 және 3 км жерден екі мұртты оба археологиялық ескерткіштері табылып анықталды.
- Одан соң жолай Жамантас, Нұрман, Есенбек мазарларын аралап, жай-күйін суретке түсірдік. Жамантас мазарының ерекшелігі ішкі оң жақ қабырға бұрышынан ойық арқылы Алашахан мазарындағы тәрізді үстіңгі барабанға айналып отырып көтерілетін саты салынған екен, бірақ қазіргі күйі қауіпті жағдайда тұр. Нұрман мазарының жақсы сақталғанына қарағанда, сол жердегі қыстақ тұрғынының айтуынша 2003 жылдары қайта қалпына келтірілген. Ал Есенбек мазарының жай-күйі өте қауіпті, қайта жөндеуді қажет етеді.
- Экспедиция барысында кездескен табиғи бір ерекшелік – ол Жамантас қыстағында тау басындағы оқшау тұрған тас және сол төбенің асты таспен жартылай басылған қуыс үңгір.