«Ұлытау» қорық-мұражайының аймағында дала жұмыстары басталды. Атап айтсақ, Талдысай кешеніндегі қола дәуірі қорымдарына, ортағасырлық Басқамыр қалашығына қазба жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар, Ембұлақ кешеніне қоршау шарбақтары орнатылды.
Ұлытау ауданында биылғы жылы басқа да тарихи орындарға біршама жұмыстар атқарылады. Олар: Басқамыр қалашығы, Теректі әулие мазары, Жәнібек мазарына қайта қалпына келтіру, Талдысай кешеніндегі қола дәуірі қонысы, палеолит (тас дәуірі) тұрағына қазба жұмыстары.