Жаңалықтар
 Ұлытауда I Халықаралық «Жезкиік» музыка фестивалі басталды.
13 шілде 2018 жыл

Ұлытауда I Халықаралық «Жезкиік» музыка фестивалі басталды. Фестивальді «Рухани жаңғыру» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастырып отыр. Мұндағы мақсат – әлемдік фольклор шығармаларын насихаттау. 13 шілде күні Улытау ауданының «Болатсай» ауылында фольклорлық музыка фестивалі болды. Оған   Мексика, Перу, Польша, Ресей, Түркия, Тәжікстан, Франция, Шотландия, Жапония және Қазақстан елдерінен 11 кәсіби ұжым қатысты. Фестиваль үшін арнайы этноауыл құрылған болатын. Финалда қатысушылар мен фестиваль қонақтары «Қаражорға» биін билеп, «Қазақстаным» патриоттық әнін шырқады. Фестиваль соңында «Ұлытау» тобының концерті болды.  Бұнымен қоса, фестиваль аясында туристтік форум ұйымдастырылған болатын.  «Ұлытау» қорық-мұражайының  қызметкерлері оған белсенді атсалысып, соңынан шетелдік қонақтарға, сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрімен келген бірталай белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлеріне Ұлытауға  экскурсия жүргізді. 

 10.00 - 18.00
13.00 - 14.00
Дүйсенбі - Жұма
Қазақстан, Қарағанды обл., 101500
Ұлытау ауд., Бұлқышев көшесі, 14
, 2-16-16
Факс: +7(71035) 2 13 42,