Жаңалықтар
 Астанада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен «Ұлытау» аллеясы ашылады
3 шілді 2018 жыл

Қарағанды облысының әкімдігі  жиырма жылдыққа тарту ретінде Астанадағы «Ұлытау» аллеясын ашқалы отыр. Аллея «Мәңгілік ел» салтанатты қақпасы маңында орналасқан. Аллея он нысаннан тұрады. Олар: аллеяның аты жазылған жадеит тасы, ҚР картасы және оның мәтіні көрсетілген  Ұлытау тасы, Теректі әулие петроглифтері (үзінділердің көшірмелері), Байқоңыр петроглифтері (үзінділер көшірмелері), Балбал тастар, Ақбөкендер мүсіндерінен тұрғызылған альпинарий, қола және темір балқытуға арналған пештердің көшірмелері, Әмір Темір тасы (көшірме), Хан ордасы тасы (көшірме) және соңғысы «Қазақ еліне мың алғыс» монументі.  Аллеяны Елбасына облыс әкімі Ерлан Қошанов таныстырды.  Бұл шараға  «Ұлытау» қорық-мұражайының директоры Бақтияр Қожахметов те қатысып  қайтты. Айта кетейік,  аллеяның ресми ашылу салтанатында ҚР Президенті үшін жүргізілетін арнайы экскурсия мәтінін жазу «Ұлытау» қорық-мұражайының директоры Бақтияр Қожахметовке сеніп тапсырылған болатын.

 10.00 - 18.00
13.00 - 14.00
Дүйсенбі - Жұма
Қазақстан, Қарағанды обл., 101500
Ұлытау ауд., Бұлқышев көшесі, 14
, 2-16-16
Факс: +7(71035) 2 13 42,