Ұлытау туризмі «Хабар» арнасындағы «Давайте говорить» ток-шоуында.
26 маусым 2018 жыл
- Жаз бастала жұрт демалысын жоспарлайды. Қайда баруға болады? Бұл қазақстандықтардың жылда бас қатыратын сұрағы. Жанға жайлы әрі мағыналы демалыс өзімізден де табылады. Мәселен, Қазақстандағы қасиетті жерлерді аралап, туған жердің табиғатына сүйісініп, терең тарихына қанығып қайтуға болады. Алайда, бізде ішкі туризм қаншалықты дамыған және ең бастысы қазақстандықтар үшін ел ішінде демалу қаншалықты тиімді? Осы аптада «Хабар» арнасындағы «Давайте говорить» ток- шоуы осы және ішкі туризмге қатысты өзге де өзекті сауалдарға жауап іздеді. Тақырыпты талқылауға «Ұлытау» қорық-мұражайының директоры Бақтияр Қожахметов те шақырылған болатын. Бақтияр Сапарбекұлының Ұлытау өңірінде аталған саланың дамуы туралы сұхбаты мен ток- шоудың толық нұсқасын төмендегі сілтемеден көре аласыздар.
-
http://khabar.kz/m/ru/arkhiv-davajte-govorit/item/106303-davajte-govorit-vnutrennij-turizm