Жаңалықтар
 Ұлытау мен Өзбекістан арасындағы тарихи-мәдени байланысты және тәжірибе алмасуды нығайту
18 маусым 2018 жыл

2018 жыл - Қазақстандағы Өзбекстан жылы. Осыған орай  «Ұлытау» қорық- мұражайы  өзбекстандық әріптестермен бірге  тарихи- мәдени  байланыстарды нығайтып,  тәжірибе алмасу  мақсатында  бірқатар шаралар  ұйымдастырды.  Бұл шаралар негізінен тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және сақтау сонымен қатар, Қазақстанның осы елдегі мәдени мұраларын насихаттауға бағытталды.

  • Бізге жеткен аңыздар бойынша, Әмір-Темір 1391 жылы Алтын Орданың ханы Тоқтамысқа қарсы  әскери жорығы барысында   Ұлытауға ат басын тірейді. Бетпақдаланың шөл даласынан шаршаған ұлы әмірші  Ұлытаудың табиғатына тамсанып,  ұрпақтарына тастан ескерткіш белгі қалдырған.  1935 жылы бұл тас белгіліні  академик Қаныш Сәтпаев тауып, Эрмитажға жіберген еді.  Қазір ол Эрмитажда сақтаулы. 2018 жылдың қаңтар айының 14-21 күндері қорық-мұражай ғылыми қызметкері Э.Османова  осы белгі туралы қажетті  ақпаратқа қанығу үшін  Өзбекстаның  Бұхара, Самарканд және  Ташкент қалаларын аралап қайтты;
  • Наурыз айының 29 күні қорық-мұражайдың ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Б.Шайгөзова Ташкент қаласында тарихи архитектуралық ескерткіштерді қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысу, тәжірибе алу мақсатында іс-сапарда болды. Сонымен қатар, «Айғақ» телеарнасымен  өзбекстандағы атақты қазақ суретшісі  Орал Таңсықбаевтың мұражайына барып, сол кісінің еңбектері жөнінде сұхбат берді;
  • Сәуір айының 09-13 күндері аралығында Өзбекстан республикасына «Әмір Темір» қорының және «Айғақ» телеарнасының  қолдауымен бөлім меңгерушісі Н. Раймова қазақстандық «Ұлы бабалар ізімен» экспедициясына қатысты;
  • 2018 жылғы мамырдың 5-9 аралығында қорық-мұражайда дәстүрлі «Терісаққан көктемі» фестивалі аясында «Мәдениеттің материалдық емес формаларының өзектілігін арттыру және сақтауда мұражайлардың алар рөлі» атты семинар өтті. Семинар ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылуда және  Өзбекстанның Қазақстандағы жылына арналды.  Оған Өзбекстанныңматериалдық емес мәдени мұра бойынша ЮНЕСКО-ның  сертификаты бар сарапшы-фасилитаторы Оразәлі Ташматов арнайы қонақ ретінде шақырылды;
  • Мамыр айының 11- 23 күндері  аралығында қорық-мұражайдың ғылыми қызметкері А.Тоқтабай  «Өзбекстандағы қазақтардың әулиелі жерлерін зерттеу» экспедициясына қатысып қайтты;
 10.00 - 18.00
13.00 - 14.00
Дүйсенбі - Жұма
Қазақстан, Қарағанды обл., 101500
Ұлытау ауд., Бұлқышев көшесі, 14
, 2-16-16
Факс: +7(71035) 2 13 42,