«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы маусымның 5 күні Астанадағы Ұлттық мұражайда Ұлытау тауы аймағындағы мыңдаған жылдар бойы өткен тарихи оқиғалар көрініс табатын «Ұлытау әлемі» атты жылжымалы көрмесін ашты. Оның бастыерекшелігі - Сары-Арка даласындағы халықтар мәдениетінің жалпы адамзат нышандарын аша отырып, ұрпақтан ұрпаққа жеткендігін аңыздар арқылы айқындайды. Көркем инсталляция: 4 бөліктерге бөлінген дискіден тұрады. Көрмеде берілген фотоколлажда Әлем Тауы, Ұлытау бейнесі – даланың қасиетті орталығы - Ұлы таулары, Күнге тағзым ету - бұл жердің біртұтас шеңберінде өмір сүріп жатқан халықтың бірлігін білдіретін күнделікті және киелі өмірден түсінік береді. Экспозиция - Байқоңыр, Зынғыр тас, Теректі петроглифтерінің, сондай-ақ аңыз бойынша тарихи тұлғалар мен әулиелер жерленген Ұлытау тауларының, көшпелі мәдениеттің және қазақтардың дәстүрлі өмір сүру бейнесі, Ұлытаудың қазіргі тұрғындарының, сондай ақ қасиетті жерді аралаған қонақтардың фотопрезентациясымен де көрініс табады. Арнайы инсталляциядан бөлек, Ұлытау көрмесінде National Geographic Казахстан журналының фотографы, TEFA Eurasiaphoto шығармашылық бірлестігінің төрағасы, «Ұлытау» қорық-мұражайының қызметкері Дмитрий Ругистің Ұлытау ескерткіштері мен табиғатын түсірген фотосуреттері ұсынылады. Көрме 2018 жылғы маусымның 10 дейін болады.