Жаңалықтар
 Қазақстанның 238 мұражайы мен Қазақстанның атақты тұлғалары мұражайлары туралы «Қазақстан Мұражайлары» анықтамалығы
28 мамыр 2018 жыл
Жыл сайын 18- мамыр күні Халықаралық мұражайлар күні аталып өтіледі.  Осы атаулы күнге орай Астанадағы ұлттық мұражайда басқосу ұйымдастырылды. Оған«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайының директоры Бақтияр Қожахметов те шақырылды. Сонымен қатар, осы жерде «Қазақстан мұражайлары» атты анықтамалықтың таныстырылымы болды.
Оған ҚР Мәдениет және спорт министрліктерінің өкілдері, облыстық мәдениет басқармаларының басшылары, мұражай директорлары мен қызметкерлері қатысты. «Қазақстан Мұражайлары» анықтамалығынан  еліміздегі 238 мұражай жайында үш тілде егжей-тегжейлі ақпарат алуға болады. Бұл басылым басрлық мұражайлар үшін сонымен қатар мәдени және туристік ұйымдар үшін  бағалы әрі маңызды болатыны сөзсіз.
Президент  Н.Ә. Назарбаевтың «Цифрлық Қазақстан»  бағдарлмасы аясында аталған анықтамалыққа енгізілген 238  мұражайларды  кейін Қазақстанның   электронды туристтік картасына енгізу жоспарланып отыр.  Сонымен қатар,  қосымша  3D тур енгізілетін болады.  Басқосуда  «Қазақстанның атақты тұлғалары мұражайларының Қауымдастығы» құрылатыны айтылды.  Бүгінгі күні оған 44 мұражай кіріп отыр.
 10.00 - 18.00
13.00 - 14.00
Дүйсенбі - Жұма
Қазақстан, Қарағанды обл., 101500
Ұлытау ауд., Бұлқышев көшесі, 14
, 2-16-16
Факс: +7(71035) 2 13 42,