БІЗ үздікпіз! «Ұлытау» қорық- мұражайы «Көкжиегі кемел мұражайлар» атты республикалық мұражайлар фестивалінде «Үздік инновациялық жобалар» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды
15 мамыр 2018 жыл
- Қазақстандағы мұражай ісін дамыту және осы салада жүзеге асырылған үздік жобаларды қолдау мақсатында 14 мамыр күні Жезқазғанда «Көкжиегі кемел мұражайлар» атты республикалық мұражайлар фестивалі ұйымдастырылды. Оған еліміздің 13 мұражайы қатысты.
- Шараны Жезқазғанда қалалық тарихи-археологиялық мұражайы өзінің 40-жылдығына орай ұйымдастырды. Онда «Ұлытау» қорық-мұражайы «Үздік инновациялық жобалар» номинациясының иегері атанып, 140 000 (жүз қырық мың) теңгенің сертификатына ие болды. Байқау үш турдан тұрды. Оның ережесіне сәйкес, «Мұражай– мәдениет ошағы» атты бірінші кезеңде мұражай жөнінде бейнефильм көрсетілді, «Жаңарған әлемдегі мұражай» атты екінші кезеңінде соңғы 5 жылда атқарылған инновациялық жобалар бойынша слайд, үшінші «Жанданған тарих іздері» кезеңінде қазылар алқасының назарына мұражайдың барлық баспа өнімдері ұсынылды.