Жаңалықтар
Жылқыға деген махаббаттан туған мереке
Terisakkan001
3 мамыр 2018 жыл

Бұл «Ұлытау» Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы қызметкерлері үшін ерекеше ай. Себебі  тұтас Қазақстанда тек Терісаққан ауылында сақталған «ұлттық кодымыз» - «Бие байлау» немесе «Айғыр қосу»  салт-дәстүрі Халықаралық гуманитарлық ықпалдастық қорының ақпараттық басылымы және ТМДға қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастық Кеңесінің журналы  «Форум плюсте» жарық көрді. Бұл оқиғаның тағы бір ерекшелігі 2018 жыл Тәуелсіз мемлекеттер достастығы кеңістігінде Мәдениет жылы деп жарияланған болатын. Яғни аталған журнал өз назарын  Терісаққан ауылында сан ғасырлар бойы көздің қарашығындай сақталып келе жатқан «Бие байлау» немесе «Айғыр қосу» мерекесіне бекерден-бекер аударып отырған жоқ.  Терісасаққандықтардың осы мерекені қалай тойлайтыны туралы журналға «Ұлытау» Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайының директоры Бақтияр Қожахметов  және  Қарағанды мемлекеттік университетінің қызметкері, археолог Эмма Усманова егжей-тегжейлі баяндап берген. Бұл мерекеге Терісаққан ауылы ерекше дайындалады. Себебі табынның сақталып, санының көбеюі айғырға байланысты. Бұл бір жағынан  терісаққандықтардың жылқы малына көңілі ерекше әрі жылқы олардың басты  байлығы екенінің көрінісі.  Мереке бірнеше жоралғылардан тұрады және ауыл ансамблінің концертімен аяқталады. «Бие байлау» немесе «Айғыр қосу» Терісаққандықтардың  жылда асыға күтетін және қуана тойлайтын мерекесі. Бұл туралы сіздер толығырақ төменде сілтемеден оқи аласыздар. Ресми тілде жарық көрген мақала «Любит-не любит» деп аталады. Ал, егер   осы мерекені өз көзіммен көремін  десеңіздер, 1 мамыр күні Қарағанды және Қостанай облыстарының шекерасында орналасқан Терісаққан ауылына ат басын бұрыңыздар. 

 10.00 - 18.00
13.00 - 14.00
Дүйсенбі - Жұма
Қазақстан, Қарағанды обл., 101500
Ұлытау ауд., Бұлқышев көшесі, 14
, 2-16-16
Факс: +7(71035) 2 13 42,