25 сәуір күні «Ұлытау» қорық-мұражайы аудандық білім бөлімімен бірлесе отырып, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық орта мектептердің 10-сынып окушылары арасында «Жошыхан» байқауын ұйымдастырды. 14 үміткер тарих саласында өз білімдерін сынады. Байқау қорытындысы бойынша 4 оқушы үздік деп таңдалып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.