«Асыл мұра» өлкетанушылар орталығы алғашқы отырысын өткізді. Орталық облыстық тарихи-өлкетану мұражайының мұрындық болуымен Президенттің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласына орай ашылды. «Ұлытау» қорық-мұражайының директоры Бақтияр Қожахметов бастаған бірқатар қызметкерлер орталықтың алғашқы отырысына қатысып қайтты. «Асыл мұра» орталығы өңірдің өлкетанушылары мен тарихшылары жиналатын алғашқы диалог алаңы. Орталық мақсаты өңірдегі өлкетанушыларды жұмыстарын үйлестіру және бақылау. Отырыс барысында қатысушылар қазіргі күнде өңірдегі осы салаға қатысты көкейтесті мәселелерді талқылап, осы тақырыпқа орай жасалған баяндамаларды тыңдады. Сонымен қатар, олар орталық жұмысының жақсы жүруіне байланысты өз ой-пікірлерін білдіріп, Ұлытау-Жезқазған өңірінің тарихи-археологиялық, мәдени-этнографиялық, табиғи-географиялық өткені мен болашағына жұртшылық назарын аударуға тырысты. Қатысушылар орталыққа мүшелікке қабылданып, ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сертификатқа ие болды.