Бесік
                        
                        
                        
                          13 сәуір 2018 жыл
                        
                        
                                   «Ұлытау» қорық-мұражайының қоры  тағы бір құнды жәдігермен толықты.  Осы  жылдың наурыз айында  Ұлытау ауданы  Қарақұм  елді  мекенінің – тұрғыны Құлжанбай Қожахметов   әкесі  Қожахмет  ақсақалдың 1920 жылдары жатқан бесігін табыс етті.  Бұл бесіктің  ерекшелігі -  бір ғасырға таяу уақытқа қарамастан жақсы сақталған. Қазақта  бесік қасиетті мүлікке баланғаны белгілі. Онда  халықтың  дәстүрлі  мәдениетінің, ежелгі  наным-сенімінің,  дүниетанымының  көрінісі  бар.  Сонымен қатар, бесік  жырын  қазақ   «Ұлттық  тәрбиенің  кәусар  бұлағы»  – деп  таниды.  Атадан балаға мұраға қалған бесік - көнеден  келе  жатқан қазақ ұлтының ғана емес, «Ұлытау» қорық-мұражайының қорында ең құңды этнографиялық жәдігері болып сақталып қалады.