Жаңалықтар
 Жетістіктеріміздің кепілі - Елбасының сарабдал саясаты мен ел бірлігінің арқасы - А. Мұхамедиұлы
A.Muhamediuly01
22 наурыз 2018 жыл
 
Заманауи қазақстандық мәдениетті жүзеге асыру, Наурыз мейрамының сипатына тың серпіліс беріп жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен болған сұхбатта.
 
- Көктем мен жаңарудың, достық пен бауырластықтың мерекесі – Наурыз мейрамы да келіп жетті. Осы Ұлыстың ұлы күнін атап өтудің өзіндік ерекшеліктерін қайта жаңғырту жайлы айта кетсеңіз.
 
- Әр ұлттың, мемлекеттің өзінің төл мерекесі бар. Егеменді ел ретінде танылғаннан кейін, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының алғашқы жарлықтарының бірі Наурыз мейрамын атап өту болды. Әрине, ол кездегі Наурыз мерекесі мен қазіргі кездегі мерекені атап өту салыстыруға келмейді. Қазіргі кездегі Наурыз мейрамының сипатына тың серпіліс беріп жатқан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы. Өздеріңізге мәлім, бұл өткен жылғы Елбасының тарихи еңбегі. Көбінесе, бізде мақала деп айтады, ал мен өз басым мұны тарихи еңбек деп айтар едім.
 
«Рухани жаңғыру» еңбегінен кейін халқымыздың өз тарихына, келешегіне деген көзқарасы ерекше. Әрине, ең бастысы, елдің татулығы. Наурыз біздің қоғамда бірлік, тұрақтылық пен келісім секілді құндылықтардың нығаюына ықпал етіп келеді. Біз дамыған мемлекеттер қоғамдастығына қарай қадам басудамыз. Бүгінгі жеткен жетістіктердің кепілі — Елбасының сарабдал саясаты мен ел бірлігінің, татулық пен ынтымақтастықтың арқасы.
 
Ақпарат ҚР Премьер Министірінің ресми сайтынан алынған: www.primeminister.kz 
 
Сұхбаттың толық нұсқасы мен видеосын келесі сілтеме бойынша көре аласыздар: 
 10.00 - 18.00
13.00 - 14.00
Дүйсенбі - Жұма
Қазақстан, Қарағанды обл., 101500
Ұлытау ауд., Бұлқышев көшесі, 14
, 2-16-16
Факс: +7(71035) 2 13 42,