Жаңалықтар
 Наурыз мерекесі адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікті білдіреді
22 наурыз 2018 жыл

Наурыз мерекесі адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікті білдіреді  және бұл  салт-дәстүр мен ырымдарда көрініс тапқан. Наурызды тойлаудың мәдени мұра мен ұлттық құндылықтарды сақтау және болашақ ұрпақтың бойына  сіңіруде маңызы зор. Мәдени мұраны насихаттау мақсатында Ұлытау ауылында халықтық серуен және қойылымдар ұйымдастырылуда. Соның бірі «Армысын, әз Наурыз» байқауы. Бұл байқауға аудандағы ұйымдар қатысып,  қазақ халқының наурызға қатысты салт-дәстүрін таныстырды. Байқаудың қазылар алқасы қойылымның мазмұны мен мағынасының тереңдігін, орындаушылық шеберліктерінің  деңгейін, ұлттық киімдердің әдемілігін, ұлттық тағамдар мен киіз үйлердің мерекелік безендірулерін бағалады.

«Ұлытау» қорық-мұражайы байқаудың барлық шарттарын орындап, киіз үй безендіруде өзгелерден озық болды. Сонымен қатар, мерекелік дастархан жайып,  «қонақ күту» дәстүрін көрсетті. Бұнымен қоса, қорық-мұражай қызметкерлері талқан жасаудың  көне технологиясына негізделген  шеберлік сыныбын өткізді. 

 10.00 - 18.00
13.00 - 14.00
Дүйсенбі - Жұма
Қазақстан, Қарағанды обл., 101500
Ұлытау ауд., Бұлқышев көшесі, 14
, 2-16-16
Факс: +7(71035) 2 13 42,