Жаңалықтар
 Ұлытау тарихы - Ұрпаққа өнеге
17 наурыз 2018 жыл
        16 наурыз   күні  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Ұлытау» ұлттық қорық-мұражайы  Ұлытау аудандық білім бөлімімен бірлесіп №1 Ұлытау орта мектебінің оқушыларына  «Ұлытау әлемі» экспозициясына экскурсия жасап, «Тас дәуірі» тақырыбында дәріс өткізді. Сонымен қатар, Ұлытау жеріндегі киелі орындардың бірі  көне металлургтердің Талдысай қонысынан  табылған құнды жәдігерлерден көрме ұйымдастырылды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Жаңа тұрпаттағы жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіз құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.  Егер жаңғыру елдің ұлттық- рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға  бастайды»  деген болатын. Осылайша «Ұлытау» ұлттық қорық-мұражайы  жас ұрпаққа төл  тарихты насихаттау арқылы «Рухани жаңғыру» міндеттерін орындауда белсенділік танытып отыр.
       Авторы: Гүлсулу Балдуова
 10.00 - 18.00
13.00 - 14.00
Дүйсенбі - Жұма
Қазақстан, Қарағанды обл., 101500
Ұлытау ауд., Бұлқышев көшесі, 14
, 2-16-16
Факс: +7(71035) 2 13 42,