Жаңалықтар
8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов өңірдегі әйелдер қауымының белсенді өкілдерімен кездесті
19 наурыз 2018 жыл
      Әкім оларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, облысты дамыту жолында әр салада аянбай еңбек етіп жүрген  нәзік жандыларға жүрекжарды ақ тілегін жеткізді.  Кездесуге  облыстағы әйелдер қауымының белсенді  өкілдері  шақырылды.  Олардың арасында  Ұлытау ауданындағы  «Әйелдерге арналған саяси көшбасшылық мектебінің» өкілдері, Ұлытау ауданының Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі және ауданның қоғамдық- мәдени өмірінде белсенділік танытып  жүрген нәзік жандылар болды. Әкімнің салтанатты қабылдауына арнайы шақыру алғандар қатарында «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайының этнография секторының меңгерушісі Нұрсұлу Раймова да болды. Ол  өңірден келген қыз-келіншектерді көктемнің алғашқы лебімен бірге келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, «мерекелік көңіл-күй, Сіздерге күш-жігер берсін», - деді. Сонымен қатар, ол  «Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді дегендей, бүгінгі күні  әйел – отбасының ұйытқысы ғана емес, тәуелсіздікті тұғырлы етуге ер азаматтармен бірге қоян-қолтық  ат салысып жүрген  қоғамның тең құқылы мүшесіне айналған» », - деді.
 10.00 - 18.00
13.00 - 14.00
Дүйсенбі - Жұма
Қазақстан, Қарағанды обл., 101500
Ұлытау ауд., Бұлқышев көшесі, 14
, 2-16-16
Факс: +7(71035) 2 13 42,