Жаңалықтар
 Арыстанбек Мұхамедиұлы: Наурыз ең әуелі балдырғандарға арналуы керек
Nauryz Meiramy01
5 наурыз 2018 жыл
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Егемен Қазақстанға» наурыз мейрамын жаңа үлгіде өткізу жөнінде тарқата әңгімелеп берді.

– Арыстанбек Мұхамеди­ұлы, осыдан бірер жыл бұрын рес­­пуб­ликалық баспасөз бет­терінде Наурыз мейрамын жаңа үлгіде өткізу жөнінде тол­ғақты ой айтып, жалпы ұлттық ауқымда атап өту­дің тың жолдарын ұсынған еді­ңіз. Елбасының былтыр сәуір айын­да жарияланған мақа­ласынан ке­йін бұл мәселеге ерекше ден қою қажет­тілігі туындаған секілді.

– Әрбір мерекенің өзіндік сал­мағы бар, ал Наурыз біздің ұлт­тық ең бірінші мерекеміз! Дәс­түрімізді дәріптеп, асыл мұра­ларымыздың бедерін айшық­тау­да орны ерекше бұл мерекені қазақ халқы «жақсылықтың бас­тауы» деп ұғады. Мемлекет бас­­шысының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты мақа­ласында: «Жаңа тұрпатты жаң­ғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Он­сыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаң­ғы­рық­қа айналуы оп-оңай», – деп айт­қан сөзі бар.

Шығыстың шырайын кел­тір­ген, халық арасында кере­мет қол­дауға ие бұл мереке ХVIII ға­сыр­ға дейін ежел­гі Грекияда, ежел­гі Римде, Ұлы­бри­танияда, 1700 жылға дейін ежелгі Русьте де аталып келген. Сондықтан тарихы әріде жатқан осы ұлық күнге біз айрықша ықылас танытып, оның мазмұндық қыры менен сырын одан әрі байыта түсуіміз керек. Наурыз мере­кесі 1991 жылы 15 наурызда Қазақ­стан Президенті Жарлығының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болған. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде Елбасы наурыз айының 21, 22, 23 күндерін «Наурыз мейрамы» деп жариялады.

Нақ осы күннен бастап рес­публикамызда Наурыз мейрамы кеңінен атап өтіле бастады. Данышпан ата-бабаларымыз бұл күнді табиғаттың ға­жап бел­гілерін ескере отырып, ай­рық­ша қасиеті бар ай ретінде бағалаған.

Ұлытау сұхбатында Елба­сы Н.Ә.Назарбаев: «Біз ұлт­тық мәде­ние­ті­міз бен салт-дәстүрі­мізді қас­тер­леуіміз керек» деген сөзінде үл­кен мән жатыр. Заман бір орында тұрған жоқ. Наурыз мейрамына жаңа реңк беру үшін адамның ұлтына, діни бағыныстылығына қарамастан, адамгершілік құндылықтар­ға мән бергеніміз абзал. Қазақстан халқы түгел қамтылатындай маз­мұнын жасау керек. Бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі бәрімізге қатысты.
 
– Ел арасында «Наурыз мерекесі бұқаралық сипаттан ажырап, сах­налық кейіпке еніп кетті» деген де сөздер айтылып жүр. 
 
  – Иә, аздаған жұртшылық­тың қы­зық­тауына ғана айнал­ған фольк­­лор­лық қойылым көрі­ні­сінен аспай жүргені рас. Сол се­бепті мерекенің өзіне сәй­­кес ай­шық­тарын түлете оты­­рып, фольк­лорлық-этнографиялық ауқым­нан жалпы қазақстан­дық ме­реке дәрежесіне жеткізу керек. Бұл мәселеде Ұлттық намыс пен рухани болмысымызды жаңғырту деген асқақ ой жатыр. Қазір Наурыз дегенде, тігілген киіз үйлерге келіп, қонақ болып кететіндер мен сырттан бақы­лайтындар деп екіге бөліп қарауға болады. Мерекеде бақы­лау­шылар болмайды, бәрі де қаты­су­шы болу керек. Біз осыған аса назар аударғанымыз жөн. Сон­дықтан да Наурызға қажет ір­гелі ізденістер мен тарихи әрі зама­науи шаралар турасында айтар болсақ, мұның бірнеше жолы бар. 

– Ол қандай жолдар? 

– Бірінші. Ең әуелі Наурыз бал­­дыр­ғандарға арналуы керек. Наурызда біз бар мейірім-шапа­ғатымызды балғын бала­пан­дарымызға арнағанымыз дұрыс. Жаңа жылға сәби неге үйір?
Рож­дество несімен мықты? Аяз ата да, Санта-Клаус та ең әуелі бала­­ның тілін табады. Бір ғана шы­р­ша сол күннің шырайын ке­л­тіріп, Жаңа жыл­дың идеоло­гия­лық нысанына айналып кетті.
 
 
 10.00 - 18.00
13.00 - 14.00
Дүйсенбі - Жұма
Қазақстан, Қарағанды обл., 101500
Ұлытау ауд., Бұлқышев көшесі, 14
, 2-16-16
Факс: +7(71035) 2 13 42,