Жаңалықтар
 «Терісаққан көктемі» этнофестивалі UNESCO сайтында
        «Терісаққан көктемі» этнофестивалі аясында көрсетілген «бие байлау», «айғыр қосу»  және  «қымыз мурындық» сияқты қазақтың дәстүрлі мерекелік салт-дәстүрлері 2015 жылы Қазақстанның ұлттық материалдық емес ес­керткіштері тізіміне енгізілген еді. Былтыр наурызда Қазақстан аталған салт-дәстүрлерді UNESCO-ның адамзаттың материалдық емес ес­керткіштерінің репрезентативтік  тізіміне «Қазақ жылқышыларының дәстүрлі көктемгі мерекелік жоралғылары» деген атпен арнайы аталым етіп енгізуді ұсынған болатын. Атап өту керек, «Терісаққан көктемі» этнофестивалі туралы екі деректі фильм түсірілді. Оның біріншісін Оңтүстік Кореяның тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясы түсірген болатын. Ал, екіншісі «Қазақ жылқышыларының дәстүрлі көктемгі мерекелік жоралғылары» атпен күні кеше UNESCO-ның ресми сайтында жарияланды. Фильм «Терісаққан көктемі» этнофестивалі негізінде түсірілген. Фильмді төмендегі сілтемеден көре аласыздар: 
 10.00 - 18.00
13.00 - 14.00
Дүйсенбі - Жұма
Қазақстан, Қарағанды обл., 101500
Ұлытау ауд., Бұлқышев көшесі, 14
, 2-16-16
Факс: +7(71035) 2 13 42,