Мұрағаттағы дөңгелек үстел
21 ақпан 2018 жыл
Ақпанның 21 күні Жезқазған қаласының мемлекеттік мұрағаты «Жақсының жақұт мұрасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіп, жаңадан құрылған жеке тектік қорды таныстырды. Сонымен қатар, шара қатысушыларына осы жеке тектік қордың иесі екенін растайтын сертификаттар табысталды. Дөңгелек үстелде «Ұлытау» қорық-мұражайының директоры Б. Қожахметов Жезқазған қаласының мұрағатында өлке мұражайлары туралы да қор ашуы тиіс деген ұсыныс тастады және ол бірауыздан қолдау тапты.