7 ақпан күні жергілікті жас ұрпаққа Президент Жолдауының маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Ұлытау» қорық-мұражайы мен Жезқазған тарихи-археология мұражайының ғылыми қызметкерлері Жезқазған музыкалық колледжі оқытушылары және студенттерімен бірігіп, «Болашақ ұрпақты нағыз азаматтық қоғам құру жолында тарихи-рухани тәрбиелеу»тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиынға Жезқазған қаласындағы «Жастар ресурстық орталығының» директоры арнайы қонақ ретінде шақырылды. Сонымен қатар, жиын аясында Ұлытау-Жезқазған өңіріндегі ескерткіштердің көрмесі ұйымдастырылды.