Дүзен мазары қайта жаңғыртылды
19 ақпан 2018 жыл
Ұлытау ауданындағы Дүзен Сандыбайұлының кесенесі XІХ ғасырдың екінші жартысында Алашахан күмбезіне ұқсатылып салынған. Тарихи ескерткіш «Ұлытау» қорық-мұражайына қарайды және республикалық маңызға ие. Кесене Кеңес дәуірінен бері апатты жағдайда болды. 2016 жылы «Қазқайтажаңғырту» мемлекеттік кәсіпорны Мәдениет және спорт министрлігінің қаржыландыруымен қайта қалпына келтіріп, абаттандыру жұмыстарын жүргізуді бастаған болатын. Бұл жұмыстар былтыр күзде аяқталды.