Конституция күніне арналған дөңгелек үстел өтті
27 Тамыз 2022
2022 жылдың тамыз айының 27-і күні «Ұлытау» сапар орталығының конференция залында «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ұжымы Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай, дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Мерекелік іс-шараны «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы РМҚК директоры Қасымбеков Нұрлан Жолаушыұлы ашып, ұжым қызметкерлерін Конституция күнімен құттықтап, бұл мерекенің еліміз үшін ең айтулы күндердің бірі екендігін, адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары Қазақстанның ең негізгі конституциялық құндылығы болып табылатынын, сондай-ақ, қазақстандықтардың тең құқық пен мүмкіндіктерге ие болуының кепілі екенін айтып өтті. Келесі кезекте музей қызметкері Аружан Қалиева «Ата заң – Тәуелсіздік кепілі» тақырыбында дайындаған баяндамасын жасады.
Дөңгелек үстел барысында ұжым қызметкерлері – Баян Шайгозова, Бақытгүл Баймағанбетова, Қуантай Жабағин Ата Заң ел азаматтарының бостандығы мен құқығын қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның әлемдік кеңістікте өзге мемлекеттермен бәсекеге түсе алатын зайырлы қоғамымен ерекшеленетіндігіне тоқталып өтті.
Сондықтанда ел азаматтарының қандай да бір өкілі болмасын елім, жерім деген ұстаныммен мемлекет болашағына әрқашанда қызмет етуі тиіс.
Санат: Жаңалықтар / Табиғат