Телефоны для связи:
+7(771) 535-74-82
+7(700) 692-61-12
+7(71035) 2-13-42

Ұлт ұясы – Ұлытау

23 декабрь 2021, Четверг
86
0
    2021 жылдың 21 желтоқсан күні #1 Тірек мектебі АКТ залында Қазақстан Тәуелсіздігінің  30 жылдығына орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша, «Туған өлке сырлары» педагогикалық жобасы аясында «Ұлт ұясы – Ұлытау» тақырыбында аудандық туристік-өлкетану экспедициясының деректі фильмі және фотоальбомының  тұсаукесері өтті.
Өздеріңізге белгілі экспедиция 2021жылдың 2-7 маусым аралығында өтті.  Экпедиция барысында ұстаздар мен оқушылар жергілікті ұстаздармен, ақсақалдарымен кездесіп, ол кісілерден тарихи нысандармен орындар туралы теренірек ақпарат алды. "Ұлытау ауданының оқушылар үйі" КМҚК  Ulytau media school" үйірмесінің оқушылары мен үйірме жетекшісі «Ұлт ұясы-Ұлытау» тақырыбында деректі фильмге материал жинақтады. Фотоальбомға фотолар түсірілді, оқушылар ғылыми-жобаларына ақпарат жинақтады.
Тұсаукесерге келген қонақтар алдымен барлық аудан мектептерінің алып келген мектеп мұражайларының құнды жәдігердерінен тұратын көрмені тамашалады. 
Тұсаукесерде Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Алмаз Қайырбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздар мен оқушыларға тілегін білдірді. 
    Өлкетанушы, Ұлытау туралы 100 астам мақаланың, 8 фотоальбомның, бірнеше бейне фильммен роликтердің авторы-  Қожахметов Бахтияр Сапарбекұлы және Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық музейі директоры Қасымбеков Нұрлан Жолаушыұлы туристік-өлкетану экспедициясының фотоальбомының  лентасын қию рәсімін өткізіп, құттықтау сөз сөйледі. 
    Білім бөлімі басшысы Абдраимов Бағдат Қабденұлы құттықтау сөз сөйлеп
экспедициясы  қатысушыларын  марапаттады.
    Іс шараға келушілер «Ұлт ұясы – Ұлытау» деректі фильмін көріп тамашалады.
    Экспедицияға қатысушы ұстаздар мен оқушыларға  ақ жол тілеп ақ батасын беріп  шығарып салған  Ұлытау ауданының құрметті азаматы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Жандарбеков Әлімбек  Жақанұлы атамыз ортаға шығып деректі фильмнен алған әсерін айтып, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының орындалуына қосылып жатқан елеулі үлес екенін атап айтты.
    Алдағы уақытта деректі фильм және фотоальбомның электронды нұсқасын облыс көлемінде тарату  жоспарлануда.
Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Награды и партнеры