Телефоны для связи:
+7(771) 535-74-82
+7(700) 692-61-12
+7(71035) 2-13-42
Национальный заповедник-музей Улытау » Новости » Жезқазғанда өткен дүбірлі ісшара

Жезқазғанда өткен дүбірлі ісшара

15 декабрь 2021, Среда
91
0
    14 желтоқсанда «Серке Қожамқұлов» атындағы музыкалық драма театрында Жезқазған қалалық әкімдігінің, «Қазақмыс» корпорациясының және "Қазақтың Кетбұқасы” қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Халықты басқарудың «Төрт босаға» жүйесін қалыптастырған Кәдір би, Бабыр би, Шегір би және Ерден батыр Сандыбайұлының өмірін суреттейтін «Төртеу түгел болғанда...» қойылымының тұсаукесері өтті.
    Іс-шарада Жезқазған, Сәтбаев қалаларының және Ұлытау ауданының әкімдері жұршылықты ел тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойымен құттықтады.
    «Серке Қожамқұлов» театрының ұжымы Батырбек Мырзабековтың «Аманат» романына ғалым, ақын, драматург Ғазиз Ештанаевтың жазған пьессасын сахнаға шығарды.
    Ісшара аясында Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің ұйымдастыруымен өткен «Бабалар мұрасы» атты көрмеге «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі Сандыбай батыр ұрпақтарының  музей қорына табыс еткен құнды жәдігерлерін ұсынды.
Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Награды и партнеры