Құстұмсық жүзіктің сыры
Құстұмсық жүзікті ертеде қызы ұзатылғанда әкесі ырымдап соққызады. Күмістен қалың және мықты етіп жасалады. Құстың тұмсығына ұқсалған оюлармен әшекейленеді. Әкесі қызы ұзатылып, кетерінде қызының он қолының төртінші саусағына салады.Жүзіктің мағынасы, барған жерінде сыйлы, ата-енесіне сүйкімді, жұбайына сүйікті, әулетіне сыйлы келін болсын деп ырымдайды. Жүзіктің үшкір жағы, яғни құстұмсығы-қызымды тіл көзден, жаманнан сақтасын деген. Жылдар өте келе келін ата-енесі, жұбайымен тату-тәтті тұрса, жүзікті аманат етіп жолаушыдан береді. Үйіне қайтарылған жүзік жақсы хабар болып есептеледі. Әкесі қызының бақытты екеніне қуанып той жасап, ас береді. Аманатты әкелген жолаушыға шапан кигізіп, ат мінгізіп, қонақ етіп күтеді. Жүзікті әкесі келесі қызына дайындап, сандықтың түбіне ырымдап тығып қояды.
Құстұмсық жүзікті ер балаларға да ырымдап таққан. Ер қолындағы құстұмсық-еркіндіктің және тәуелсіздіктің белгісі және қауып қатерден сақтап, жаудың сағын сындырсын деген мағынаны білдірген.
Қазақтың хандарының бірі қолдарына құстұмсық жүзікті мөр ретінде таққан. Жүзіктеріне аттарын жазған. Мысалы, Абылайхан жүзігінде арабша «Абылай бин Уали баһадур сұлтан» (Абылай батыр сұлтан Уалиұлы) - деп жазылған екен.
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)